Түркістан облысында белгісіз біреулер депутатты соққыға жыққан: Полиция түсініктеме берді

Qaz365.kz редакциясы

Түркістан облысында бірнеше жігіт депутатты ұрып-соқты.

видеодан скриншот

Сарыағаш ауданы Еңкес ауылында бірнеше жігіт мәслихат депутаты Руслан Насыровты соққыға жыққан. Желіде бақылау камераларына түскен видео тарауда,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық полиция департаментінде аталған іс бойынша бұзақылық және бөтеннің мүлкіне зиян келтіру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны атап өтілді.

«Ағымдағы жылдың 7 қазанында сағат 15:20 шамасында полицияға ер адамдар арасындағы жанжал туралы хабарлама келіп түскен. Олардың бірінің айтуынша, жанжалда ол соққыға жығылып, мүлкіне зақым келген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» және 202-бабының 1-бөлігі «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша жүргізілуде.

Сараптама тағайындалып, заттай дәлел ретінде полицейлер бейнежазбаларды алды. Барлық мән-жайлар анықталуда.