"Бұрынғы берешектердің бәрі жойылады": Ажар Ғиният МӘМС-ке қатысты жақсы жаңалығын бөлісті

Qaz365.kz редакциясы

Министр МӘМС жүйесінде жоқ адамдар қанша теңге төлеу керектігін айтты

Qaz365.kz коллажы

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге МӘМС жүйесінде тіркелмегендер не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Медициналық көмектің әрбір азаматқа жетуі өзекті болып тұр. Елдегі заң бойынша МӘМС жүйесіне аударым түскен адамдарға медициналық көмек көрсетіледі. Кейбір адамдарда ондай болмауы мүмкін. Сондықтан қандай да бір медициналық көмек алу үшін, әсіресе оның өміріне қауіп төнген кезде дәрігерлер сұрақ қоймау үшін жүйеде болу қажет. Сол кезде инновациялық операцияларға мүмкіндігі болады», - дейді министр.


Ол бес жыл өтсе де, заң әлі толық орындалмай жатыр. Қазіргі кезде 11 миллион адамды мемлекет, 5 миллионнан астам адамды жұмыс берушілері сақтандырып отыр деп айтты.


«Ал қалған адамдар қандай да бір жағдайға ұшыраса, сол адамдардың қаражаты есебінен емделіп жүр. Егер МӘМС жүйесінде жоқ болсаңыз, 42 мың теңге төлеп кіре аласыздар. Сосын бірнеше миллион теңге тұратын көмекті алуға жол ашылады. Сонымен қатар бұрынғы берешектердің бәрі жойылады», - дейді Ажар Ғиният.