Санкция қаупі: Қазақстан соғыста қолданылуы мүмкін тауардың 106 түрінің Ресейге экспортталуын шектеді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі вице-министрі хабарлады

qazaq.today

Қазақстан соғыста қолданылуы мүмкін тауардың 106 түрінің Ресейге экспортталуын шектеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы Сенат кулуарында Сауда және интеграция министрлігі вице-министрі Қайрат Төребаев айтты.

«Негізгі мәселе экспортқа қатысты болып отыр. Біз барлық тауарды экспортқа шығарып жатырмыз. Тек соғысқа қатысты экспорттық тауарларды шектеп тастадық (Ресейге). Бұл алуан түрлі 106 тауар. Біз оларды мүлдем Ресейге шектеп тастадық», – дейді Төребаев.


Вице-министрден журналистер «ол қандай  тауарлар?» деп сұраған. Қайрат Төребаев ол соғыста қолданылуы мүмкін тауарлар екенін, олардың қатарында дрондар, арнайы электроника, чиптер барын атап өтті.