Қазақстанмен салыстырғанда нан бағасы Өзбекстанда неге арзан? Министр жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевқа Өзбекстанда ұн мен нан Қазақстанға қарағанда неге арзанырақ деген сұрақ қойылды.

Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Журналистер ведомство өкілінен Өзбекстанда нан бағасы елімізге қарағанда неге арзан екенін сұрады.

Қайрат Төребаевтың сөзінше, бұл мәселеде өзбек және отандық наубайханалардың қандай шығындарға кезігетінін анықтау керек.

«Мұнда әрбір кәсіпорынның экономикалық негіздемесі бар. Яғни, қандай да бір өнім шығарған кезде ел ішіндегі барлық шығын – электр энергиясы, салықтар және басқа шығындар ескеріледі. Сол себептен бұл ретте бір өнімді теңдей салыстырған жөн. Қазақстандағы нанның сапасы жағынан Өзбекстанмен бірдей ме? Сол себептен бұл мәселе өте күрделі», – деп жауап берді вице-министр.

Айта кетейік, Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, еліміздің 13 өңірінде ұн қымбаттаған болатын.