Депутат еліміздегі өз-өзіне қол жұмсаудың басты себебін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Елімізде өз-өзіне қол салудың 50%-ы құмар ойынның салдарынан болуда

Коллаж: Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Қазақстанда құмар ойыншылардың саны 1 миллионға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Оның сөзінше, мектеп жасындағы 3,5 млн баланың 700 мыңы бір рет болсын ойынға бәс тіккен.

«Бұл Қазақстандағы 1 миллионнан астам құмар ойыншының одан ары түсетінін көрсетеді. Ресми органдар 350 мың деп жатыр. Бұл көрсеткіш ескі. Өкінішке қарай, ойнайтын адамдар саны 1 млн-ға жетті. Біз банктерден дерек ала алмадық: қаншама жерден сұрасақ та. Бірақ екі банкпен барып, сөйлескенімізде ондағылар банктер транзакциялардың 35-40 пайызы осы ойындарға кететінін айтады. Екі банктің де көрсеткіші 35-40 пайызы», – дейді ол.

Берденовтың айтуынша, мемлекеттік органдар құмар ойындарды шектегісі келмейтінін, шектесе салық түспейді деген уәжді келтіретінін айтады.

«Ең қымбат қазына Конституция бойынша адам және адамның өмірі. Соны ескерейік», – дейді Берденов.