«Асығып отырсаңыз бара беріңіз»: Ерлан Қошанов Мақсат Толықбайға ескерту жасады

Qaz365.kz редакциясы

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Мақсат Толықбайға ескерту жасады

Коллаж: Qaz365.kz

Мәжілістің кезекті отырысында спикер Ерлан Қошанов депутат Мақсат Толықбайға ескерту жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бүгін «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы Парламент тыңдауы өткен.

«Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысының қаржылық сарапшысы Мақпал Ғабдул сөйлеп болғаннан кейін спикер әріптесіне ескерту жасады.

«Мақпал елдің ортасынан келіп, қиын жағдайға түскен адамдармен жұмыс істеген маман.  Мақсат Толықбай, қатысып отырсыз ба? Сөйлеп жатыр ғой. Асығып отырсаңыз, бара беруіңізге болады», – деді Ерлан Қошанов.