Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды қандай өзгерістер күтіп тұр

Qaz365.kz редакциясы

Мүгедектігі бар адамдардың қаржылық қызметтерге толық және кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда тек 2022 жылы ғана мүгедектігі бар 700 мыңнан астам азамат ресми тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мүгедектігі бар адамдардың қаржылық қызметтерге толық және кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін «ҚазСтандарт» «Мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызметтер көрсету бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігіне қойылатын талаптар» деп аталатын ҚР СТ ұлттық стандартын әзірледі.

Осы стандарт аясында Брайль қарпінің болуы, ымдау тілі бойынша мамандардың болуы және банк қызметкерлері болып табылатын сурдоаудармашылардың қатысуымен есту немесе сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарды қашықтан аутентификациялау үшін мүмкіндік беретін талаптар белгіленген.

«Құлағы мүкіс жандарға қағазға жазып береді. Бұл дұрыс емес. Сурдоаудармашысыз адам қандай шарттарға келісім беретінін түсінбейді. Ол несиенің қандай пайыздық мөлшерлемелері бар екенін түсінбейді. Адам оған несие берілгеніне қуанып, құжатқа қол қоя салады. Сосын ертеңгі күні ол бұған келіскеніне өкінетін болады»,– деді Саңыраулар қоғамының вице-президенті Жангелді Бекбатыров.

Сонымен қатар, стандарт осы клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты қамтиды, олармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін сипаттайды және осы топтармен жұмыс істеуге қызметкерлерді оқытуға қойылатын талаптарды белгілейді. Сапаны арттыру банкоматтар мен терминалдарды техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ банк кеңселерінде қаржылық қызметтерді ұсыну, сондай-ақ әртүрлі коммуникация әдістерін пайдалану мәселелері қозғалады.

Мысалы, ғимараттың кіреберісінде арнайы батырма көзделген, сол арқылы көмекке мұқтаж адам банк қызметкерлеріне өзінің келіп тұрғаны туралы хабарлайды.

Стандарттау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес осы стандартты мақұлдады, оның қолданысқа енгізілетін болжамды күні – 2024 жылғы 1 шілде.