Ақмола облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады

ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура және полиция органдарымен әрекеттесе Целиноград ауданында ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен Астана және Ақтөбе қалаларында үш азамат ұсталған.Тінту кезінде 40 кг синтетикалық есірткі, 7 тонна прекурсорлар және зертханалық жабдықтар анықталып, тәркіленді.

“Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – дейді мәлімдемеде.