Мұғалімдердің жалақысы қаңтарда тағы 25% өседі

Qaz365.kz редакциясы

Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты

фото: ашық дереккөзден

Мұғалімдердің жалақысы қаңтарда тағы 25% өседі, деп хабарлайды qaz365.kz

Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Президенттің қолдауының арқасында педагогтердің жалақысы 2023 жылғы қаңтарда тағы 25 пайызға артады. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға ерекше назар аударылады. 2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін сертификаттау енгізілді. Яғни енді жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз, міндетті түрде өз пәні және әдістеме бойынша тестілеуден өту қажет», - деген еді министр бұған дейін.