«Англияға жұмысқа кеп, бүкіл кредитімді жаптым»: Қазақстандық мигрант ағынан жарылды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядан бөлек Англияға барып жұмыс істеуге құмар

Коллаж: Qaz365.kz

Англияға маусымдық жұмысқа барып, еңбек еткен Алтынгүл Думан атты қазақстандық азамат басқа құрлықта қалай табыс тапқанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол өзінің Тик-ток парақшасында Қазақстанда бір айда тапқан ақшаны Англияда бір аптада табатынын айтады.

«Бүгін соңғы күніміз, соңғы жұмысымыз. Бұйырса, Иншалла, Алла қаласа ауылға кетеміз. Қазақстанға! Англиядан кеткім келмей жатыр. Бірақ визамыздың уақыты бітті. Кету керек. Бірақ міндетті түрде келесі көктемде Алла қаласа осы жерге ораламыз», – дейді ол.

Отандасымыз «Жұмыс істе» компаниясы арқылы Англияға келгенін айтады. Сөзінше, жұмыспен қатар Алтынгүл қалаларды аралап, қыдырып қайтқан.

«Шынымды айтсам, ойдағыдан да күшті болды. Бүкіл кредиттерімізді жаптық. Үлкен қарыздарымды да жаптым. 0 қарыз болып ауылға бара жатырмыз. Оған қоса, Аллаға шүкір, біраз ақша жинадық», – дейді ол.

Алтынгүл Думан Англияда жүріп дос тапқанын, соңғы күн болғандықтан, кеткісі келмей тұрғанын мойындайды. Тағы Англияға барғысы келетінін айтады. Әлеуметтік желідегі парақшасында өз жұмыс істеп жүрген егін даласын көрсетеді.

«Келгілерің келсе, «Жұмыс істе» компаниясы арқылы келіңіздер. Өздері жағдайларыңызды біліп, басқа жұмыс тауып береді. Алдында бізде жұмыс бітіп жатыр деп уайымдап өздері жазды. Біткен жоқ жұмыс. Мына жақта жылыжайларда жұмыс болады екен. Бүгін Қазақстанға жиналып кетеміз. Шынымды айтсам, мына жақта аптасына алып отырған ақшаны Қазақстанда айына аламыз. Білмеймін енді. Алты ай енді не болады? Алты ай басқа жаққа кетеміз бе, көреміз. Таңдау көп», – дейді ол.

Еске сала кетейік, кейінгі жылдары қазақ жастары Оңтүстік Кореядан бөлек Англияға барып жұмыс істеуге құмар. Ол жақта егін, жылыжайларда жұмыс жиі табылатын көрінеді. Жастардың Англияға барғысы келгеніне қарағанда, айлығы расында да жақсы болса керек.