Шығыс Қазақстанда 12 вагон рельстен шығып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға "Бұқтырма-Заводинка" теміржолының учаскесінде болған

Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда 12 вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін таңертең "Бұқтырма-Заводинка" теміржолының учаскесінде жүк пойызының 12 вагонының дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жағдайды Алтай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының билігі бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу жұмылдырылды.
Оқиғаның егжей-тегжейлері нақтыланады. Жүк пойызы кен және көмір тасымалдаған.