Кипрден қанша заңсыз актив қайтарылды – Бас прокурордың орынбасары жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Қайтарылған заңсыз активтердің жалпы сомасы 944 млрд

Фото ашық дереккөзден

Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Кипрден қайтарылған активтерге байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қазіргі таңда Кипрден қайтарылған активтердің сомасы туралы ақпарат жоқ. Жалпы заңсыз активтердің қайтарылған сомасы 944 млрд болады. Оның 500 млн долларға жуығы шетелден қайтарылған. Шетелден, Кипрден нақты қанша қайтарылғаны есімде жоқ, ресми түрде сұрасаңыз, кейінірек айта аламын", – деді Шындалиев.