Галидулла Азидуллин экология вице-министрі қызметінен босатылды

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұл қызметті 2023 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін атқарған

Фото: gov.kz

Галидулла Азидуллин Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Галидулла Азидоллаұлы Азидуллин берген өтінішіне сәйкес Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды», – делінген Үкімет хабарламасында.

Галидулла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасында бастаған. ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды. 2023 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып жұмыс істеді.