Костенко шахтасындағы апат: Қаза тапқан кеншілердің отбасылары қандай көмек алады

Qaz365.kz редакциясы

Әзірге барлық төлемді өтеу «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүктеледі

akorda.kz

Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына  әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

– Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалады. Ол республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан және өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді. 

Жәрдемақы көлемінің жалпы орташа мөлшері асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 400-500 мың теңгеден басталады. Егер балалар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. 

Әзірге барлық төлемді өтеу «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүктеледі. Кәсіпорын ұжымдық шартқа сәйкес жылдық төлем тәуекелдерін төлеуге міндетті. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жерлеу рәсімдеріне байланысты барлық шығынды, сондай-ақ балаларды жоғары оқу орындарында оқытуды өз мойнына алуға тиіс, – деді Светлана Жақыпова.