Тұрғындар қаза болған кеншілерді ақтық сапарға шығарып салды
Бүгін Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада орын алған апаттан қаза тапқан кеншілерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Марқұмдардың жаназасын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы шығарды. Жаназа рәсімі Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде және қалалық «Әл-Машани» мешітінде өтті.
Айта кетейік, Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 45-ке жетті. 1 кеншіні іздеу жалғасуда.
Еске салайық, 28 қазан сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды.
29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берген еді.