Ақтөбеде жоғалып кеткен 4 жасар баланың мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Зорлықпен өлім белгілері бар мәйіті табылды

 Ақтөбе қаласында 4 жасар Данил Ахуновтың мәйіті табылды, деп хабарлайды qaz365.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Іздеу шараларының нәтижесінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахуновтың зорлықпен өлім белгілері бар мәйіті табылды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді», — деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.


Еске салсақ, Ақтөбе қаласында 4 жасар Данил Ахунов табылмай жатқаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол 28 желтоқсан күні таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кетті.