Отбасылық жанжал сотқа дейін жеткен
Бұл жолы Рахат Тұрлыханов ел аузына ілікті. Оның әйелін соққыға жыққан ісі Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Десе де тараптардың татуласуына байланысты істің тоқтатылғаны белгілі болды. Оқиға осы жылдың қазанында болған. Отбасылық жанжал сотқа дейін жеткен. Алайда Рахат Тұрлыханов жазаланбаған. Ерлі-зайыптылар татуласқан.
Сот материалдарында Тұрлыхановтың өз үйінде жанжал шығарып, әйелін ұрып-соғып, физикалық ауыртпалық туғызғаны жазылған. Сот отырысында ол кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінген. Зайыбы болған оқиғаны фактілерді растап, соттан істі тоқтатуды өтінген.
Айта кетейік, әнші Рахат Тұрлыханов есімі елге белгілі. Екі мыңыншы жылдардың басында аты шыққан. Кейін Лондондағы дипмиссияның үшінші хатшысы болып жұмыс істеген.