Әділбек Жақсыбековтің әйелі қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Әділбек Жақсыбековтің жары қайтыс болды

Фото: kff.kz

Мемлекет қайраткері, кәсіпкер Әділбек Жақсыбековтің әйелі Ләззат Жақсыбекова қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтында жарияланған хабарламасында белгілі болды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті Әділбек Жақсыбековке жары Ләззат Ибраһимқызының қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады.

Қазақстанның барша спорт қауымдастығы Сізбен бірге жарыңыздың орны толмас қазасына ортақтасады», – делінген көңіл айту хабарламасында.

Ләззат Жақсыбекова 69 жаста болған.

Әділбек Жақсыбеков әр жылдары Астана қаласының әкімі қызметін атқарған. Одан бөлек Индустрия және сауда министрі, Қорғаныс министрі болды. Сонымен қатар Президент Әкімшілігінің басшысы, Мемлекеттік хатшы болды.