Ерлі-зайыпты сотталды
"Елімай-2019" ТК ұйымдастырушылары қаржы пирамидасын құрғандары үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті "Елімай-2019" тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 миллиард теңгеден аса қаражатын заңсыз тартқандығы анықталды.
"Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 миллиард теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 миллион теңгеге шектеу қойылды. Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.
Шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалатын болады. Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құру, басшылық ету және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.