Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі
2023 жылғы 8 қарашада телеарналар мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
«Осыған байланысты 8 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі», – делінген хабарламада.
Ұлттық оператор уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.