Эмманюэль Макрон қазақ тілінде твит жариялады

Qaz365.kz редакциясы

1 қарашада Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді

Ақорда

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапарынан кейін X (Twitter) әлеуметтік желісінде бірнеше жазба қалдырды. Ол жазбалардың бірін қазақша жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы. Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді", – деп жазды Макрон.

Еске салайық, 1 қарашада Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция Президенті Эмманюэль Макронды қарсы алды

Қазақстан мен Франция Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. Франция Президенті Эмманюэль Макрон ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қазақстан мектептерінде француз тілінің қайта оқытылуын өтінді.