Оны полицейлер іздестіріп жатыр
Алматыда белгісіз ер адам көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен оқ атты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Белгісіз ер адам оқ атқан сәт видеоға түсірілген. Кадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр.
Полицейлер видеоға қатысты пікір білдірді. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметі тексеру жүргізіп жатыр.
«Оқиғаға қатысы бар адам міндетті түрде анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады», – деп атап өтті қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.