Ердоған түркі тілдерінің ортақ әліпбиін ұсынды

Qaz365.kz редакциясы

Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті өтіп жатыр

Фото: akorda.kz

Түркия Президенті Режеп Тайип Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында түркі тілдерінің ортақ әліпбиін ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркия Президентінің айтуынша, түркі елдері арасындағы байланысты нығайту мәселесінде тіл мәселесі маңызды.

«Бірлігіміз үшін ортақ әліпби сияқты тілдің де маңызы зор. Президенттердің қолдауы да өте маңызды. Біздің жоғары білім беру кеңесі ұйымдардың хатшылығына өз ұсыныстарын берді. Бұл жоғары бағаланады деп үміттенеміз», – деді Ердоған.