«Оның іс бойынша статусы айтылмады»
Ресейлік БАҚ-та миллионер блогер Аяз Шабутдиновтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
112 Telegram арнасының мәліметі бойынша, Шабутдинов білім беру курстарын сатуда алаяқтық жасады деп күдіктеледі.
«Бүгін блогер Мәскеуге келді. Үйіне келген бетте оны полиция қызметкерлері ұстап алып кетті. Оның іс бойынша статусы айтылмады», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Аяз Шабутдиновтың өкілі Baza-ға берген сұхбатында ақпаратты жоққа шығарды. Бизнес-жаттықтырушының көмекшісі оның Ресейде екенін, бірақ ұсталмағанын айтты.
«Бәрі жақсы, ол өз жұмысын істеп жатыр. Жаңалықтың қайдан шыққанын білмейміз», – деді көмекші.
Алайда Аяз Шабутдинов қоңырауларға жауап бермеді.
Аяз Шабутдинов өзін миллиардер деп атайды. 2013 жылы ол хостел ашып, уақыт өте келе бүкіл желіні іске қосты. Кейінірек ол кофехана құрды. Соңғы жылдары блогер инвестициялармен айналысады және білім беру курстарын сатады. Шабутдиновтың Instagram-да екі миллионға жуық оқырманы бар.