Шенеунік түзеу мекемесінде бір жарым жыл ғана отырған
Түркістан облысында 10 жылға сотталған Кентаудың экс-әкімі мерзімінен бұрын босап шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
Аса ірі көлемде пара алғаны үшін сотталған шенеунік түзеу мекемесінде бір жарым жыл ғана отырған. Себебі бас бостандығынан айыру жазасы айыппұлмен ауыстырылды.
Еске салайық, экс-әкім 50 миллион теңге пара алғаны үшін темір торға қамалды. Ол бостандыққа шығу үшін 1 млн 988 мың теңге айыппұл төлеген.