Осыған қатысты «Бәйтерек» холдингі мен «Отбасы банкі» түсінік берді
Әлеуметтік желіде «9-20-25» бағдарламасы іске қосылатыны хабарланды. Осыған қатысты «Бәйтерек» холдингі мен «Отбасы банкі» түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Алдымен Instagram-дағы dauletten парақшасында «9-20-25» бағдарламасы іске қосылатыны жайлы ақпарат тарады.
«Бәйтерек» холдингі «Отбасы банк» жақында «9-20-25» бағдарламасын іске қосады.
9 пайыз жылдық үстемақы;
20 пайыз бастапқы жарна;
«25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге мүмкіндік болады», – делінген ақпаратта.
Алайда жаңа бағдарламаға жауапты мекемелер бұл мәліметті жоққа шығарды.
«Бәйтерек» бұл ақпаратты растамайды», – деп жауабын қысқа қайырды холдингтің баспасөз қызметі.
«Отбасы банкі мәліметті растамайды әрі банкте мұндай бағдарлама жоқ екенін хабарлайды», – деді «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгінде елімізде «7-20-25» бағдарламасы жұмыс істейді. Оның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ.