Вице-премьер ұн қанша тұратынын білмейді

Qaz365.kz редакциясы

Журналист вице-премьерден бірінші және жоғары сұрыпты ұнның бағасын сұрады

018.kz

Вице-премьер Серік Жұманғарин журналистердің ұнның бағасы жайлы сұрағына жауап бере алмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналист вице-премьерден бірінші және жоғары сұрыпты ұнның бағасын сұрады.

“Мен сізге қазір нақты сандарды айта алмаймын”, – деп жауап берді Жұманғарин.

Журналист вице-премьерден “Айына екі рет дүкенге барып, ұн бағасына қызықпағансыз ба?” деп сұрады.

“Мен қазір сізге бағаны айта аламын, бірақ мен сіздердің мені түзеп, “вице-премьер ұн бағасын білмейді” дегендеріңізді қаламаймын. Дүкенге соңғы рет барғанымда, жоғары сұрыптың екі келісі 545 теңге болатын”, – деді вице-премьер.

Қазіргі кезде жоғары сұрыпты ұнның келісі 370 теңге тұрады.