Ақтаулық Нұрлықожа сынып жетекшісіне пародия жасаған
Желіде сынып жетекшісіне пародия жасаған бала жұртты тәнті етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Видеода ақтаулық Нұрлықожа есімді оқушы сынып жетекшісінің оқушыларына не айтқанын пародия арқылы көрсетіп тұр.
«Не үшін мектепке келеді? «Екі» бәріңе. Тек бір бала ғана бар, Бека дейтін. Сол тек «бес» алып отыр. Қалғандары «нөл, нөл»! Білмеймін, не істейтінімді. (...) «Менің баламды неге «беске» шығармайсың?» – дейді. Кітапты да ашпайды, оқымайды. Есепті де шығармайды. Білмеймін не істейтінімді! Бәрі есеп шығарып білмейді. Тек Бека, болды, бәрінен «бес» алып тұрған. Қалғандары «нөл», сөйлесіп отырады, кітап ашпайды. Не үшін келеді мектепке? Түсінбеймін мен, түсінбеймін. Ата-аналарына айттым. Сонда да дым тыңдамайды. Білмеймін не үшін екенін? (...) Директорға бардым, неге менің ақшамды көтермейсің деп. Сосын көтерді», – деді оқушы сынып жетекшісіне пародия жасап.
Видеоға пікір білдірген оқырмандар баланың өнеріне тәнті болып жатыр.
«Тұрсынбек жолда қалайын деп тұр-ау...», «Болашақ пародист. Көрініп тұр өте ақылды бала. Пайымдау өте өзекті», «Апайы әбден ішін босатыпты-ау...», «Мына бала барлық мұғалімнің жан сырын айтты ғой», «Жаным, апайын мұқият тыңдайтыны көрініп тұр, «нөл» емессің сен» деген пікірлер бар.
Қазір бейнежазба екі жүз мыңға жуық қаралым жинаған.