Ақтау қаласында да киік еті сатылып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік желіде киік етінің саудасы жайлы видеолар тарады

Коллаж: Qaz365.kz

Әлеуметтік желіде киік еті сатылып жатқаны туралы жарнама жиіледі. Бұл жолы Ақтау қаласындағы ұзын-сонар кезектен видео тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көлік ішінде отырған жігіт Ақтау қаласында құжатпен ресми түрде киік сатылып жатқанын айтқан.

Айтпақшы, көлік 12-ші аймақтың нөмірімен жүр. Бұл Маңғыстау облысына тиесілі.

Бұған дейін Атырау қаласында келісі 1500 теңгеден сатылғаны туралы хабар тараған. Сосын адам көбейгенде 1700 теңгеге дейін көтерілген.

«Охотзоопром» РМК жеке тұлғалар ет сатпайтынын айтқан болатын. Кәсіпорын ресми түрде Атырау, Жаңақала, Жалпақдала және Круглоозерный қалаларының 4 ет комбинатымен келісімшарт жасасқан.