Биыл елімізде 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Qaz365.kz редакциясы

Сондай-ақ 1 500 апатты және тозығы жеткен үйлер бұзылады

фото: ашық дереккөзден

​ҚР Үкіметі халықты баспанамен қамту және жол салу бойынша 2023 жылға арналған жоспарды жариялады, деп хабарлайды qaz365.kz

Осы жылға қойылған міндетке сәйкес елімізде 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады.

Сондай-ақ 1 500 апатты және тозығы жеткен үйлер бұзылады.

Одан бөлек, Үкіметтің алдында халықты ауызсумен қамту және жол салу міндеті тұр. Яғни 2023 жылы халықты сумен қамту көрсеткішін 97 пайызға жеткізіп, сол сияқты 11,8 мың шақырым жаңа жол салынбақ.