Экс-министр күдікті ретінде қамауға алынды
Астанада бірнеше сағат бұрын бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазасын өтеген экс-шенеунік мас күйінде өздерінің «Bau» мейрамханасында әйелін соққыға жыққан.
Астана қаласының полиция департаменті ресми түсінік берді. Оқиға орнында Есіл ауданының ПБ және қаланың ПД тергеу тобы жұмыс істеп жатыр екен.
«Бүгін Астанадағы «Бау» мейрамханасында 20:30 шамасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жыққан. Әйел адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Қазіргі сәтте экс-шенеунік ұсталды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде ол өзіне пышақ салмақшы болған. Күдікті есірткіге масайған күйде болған болуы ықтимал екенін айтты.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың бірнеше әйелі бар екені туралы ақпарат тарап жатыр.
Қайтыс болған – 1992 жылы туған Нүкенова Салтанат Амангелдіқызы. Екеуі азаматтық некеде тұрған.
Келіншек астрологиямен айналысып, желіде жеке блогын жүргізген.
online.zakon.kz сайтында Қуандық Бишімбаевтың алғашқы жұбайы Назым Қаһарман екені жазылған. Екеуінің үш баласы бар. Айтпақшы, Назым – экс-министрдің екінші әйелі. Алғашқы некесінен бір ұл дүниеге келген.