Бұрынғы әкім қамалды
Атыраудың бұрынғы әкімі қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Атырау облысының прокуратурасы қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлу фактісі бойынша қала әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жасап жатыр.
Биыл 9 қарашада осы іс аясында Атырау қаласының экс-әкімі Қ.Қ.Оразбаев ұсталды.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды.