«Сен далб...сың ба?»: Бекболат Тілеуханның журналиспен айтысқан тағы бір видеоүзіндісі тарады

Qaz365.kz редакциясы

Экс-депутат Бекболат Тілеуханның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатының тағы бір үзіндісі тарады

egemen.kz

Экс-депутат Бекболат Тілеуханның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатының тағы бір үзіндісі тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Менің ел ішінде атым бар. Сол себепті сені неғұрлым ұрлықшы, алаяқ, кісі өлтіргіш – тағы басқа жалаларды жапқан кезде сенің атыңнан ел жиіркенетін болса, осы мен айтқан асыл сөздердің елге өтпей қалуы үшін жасалып жатқан нәрсе. Бауырым солай», – дейді Бекболат Тілеухан.

Осы кезде журналист экс-депутаттан «жалпы сіз өзіңіз ақталғанды жақсы көресіз бе?» деп сұрайды.

«Ақталуға мәжбүр қылып отырсыңдар. Мен саған жауап бермеймін десем, жауап бер дейсің. Жауап берсем, ақталған сияқты болам», – дейді ол.

«Құран ұстамай-ақ сізге айтып жатқандарға қолды сілтей салуға болмады ма?» – деп сұрайды журналист.

«Мен сен үшін ұстаған жоқпын. Шын мәнінде, бес уақыт намаз оқып жүрген, Құдайдан қорқатындар күмәнданып қалмаса екен дедім», – дейді ол.

Осы кезде журналист экс-депутаттан «жағымпазсыз ба?» деп сұрайды. Оған іле-шала Бекболат Тілеухан «сен далбаепсың ба?» деп қарымта сұрақ қояды. «Далбаеп емеспін» дейді журналист.

«Мен де жағымпаз емеспін. Мысалы сен жағымпазсың. Сен елге батыл, дерзкий болып одағай сөздерді айтқан кезде арғы жағыңдағы ойың – тобырға жағу. Менің ойым», – дейді ол.

Осы кезде экс-депутат пен журналист сөз таластырып кетеді.