Астанадағы армия подполковнигі қосымша табыс табу үшін «закладчик» болып жұмыс істеген

Qaz365.kz редакциясы

Тәртіп сақшылары жеке тінту кезінде оның қалтасынан сұйықтық (болжам бойынша гашиш майы) бар жеті пластикалық футляр тапты

вести35.рф

Астана қаласы «Талас-611» патрульдік полиция полкінің экипажы есірткі курьерін парамен ұстаған, деп хабарлайды Qaz365.kz «Время» газетіне сілтеме жасап.

Елорда көшелерінде рейд жүргізгенде полицейлер әскери шені бар жас жігітті байқап қалады. Ол полицейлерді көргенде қобалжи бастаған. Сосын құқық қорғау органы қызметкерлері тоқтатып сөйлесе бастайды. Бұл азамат – подполковник Ф.М болып шығады. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тумасы. Офицер Қорғаныс министрлігінің астаналық No12750 әскери бөліміне ауысып келгенін түсіндіреді. Астанада жалдамалы пәтерде тұратынын, үш кішкентай баласы бар екенін айтады.

Қалтаңызда тыйым салынған заттар бар ма дегенде М. «иә» деп жауап береді. Бұл жағдай полиция қызметкерлерінің таңданысын тудырмай қоймады.

Тәртіп сақшылары жеке тінту кезінде оның қалтасынан сұйықтық (болжам бойынша гашиш майы) бар жеті пластикалық футляр тапты. Ф.М. 7 қарашада 24 сағаттық ауысымнан кейін үйге келгенін айтты. 

«Түстен кейін Көктал ықшамауданындағы зираттан есірткі алуға бардым да, Сарыарқа ауданында сегіз адамды қолға түсіріп үлгердім», – дейді ол.

Әскери қызметкердің айтуынша, ол бір-екі ай бұрын Telegram қосымшасы арқылы «закладчик» болып жұмысқа орналасқан. Армия офицерін қылмыстық жолға итермелеген себептер анықталып жатыр. 

Ф.М. оқу орнын «қызылға» бітірген. Алдымен Ресей Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника әскери институтында электронды соғыс мамандығында оқыған. Кейін Ресей қарулы күштерінің құрама қарулар академиясында тәлім алған. Еңбек жолын 2006 жылы оқу-жаттығу ротасында взвод командирі болып бастады. 2019 жылы ел қарулы күштерінің барлау және электронды соғыс бас басқармасында аға офицер қызметін атқарды.

М.-ның айтуынша, ол әлі мемлекеттік наградаларға ие болған жоқ және ұрыс қимылдарына да қатыспаған. Бірақ қызмет барысында ол Армения мен Ресейде екі рет әскери жаттығуларға қатысып үлгеріпті. 
Қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.