Иелері түрлерін көрсетпейді: Астанада тегін асхана ашылды

Qaz365.kz редакциясы

Астанада бір мезетте 100 адамды тамақтандыра алатын тегін асхана ашылды

Видеодан скриншоттар

«Уақып» деп аталатын асхананың видеосын әлеуметтік желіде журналист Айдана Үсенбей бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz

 

«Бұл видеоны жүктерде біраз ойландым. Тегін тамаққа танауын созып, ішіп қалсам екен, жеп қалсам екен дейтін масылдар ертең осы жердің қазанын күзетіп жүрмей ме деп. Картинаның басқа қыры бірақ, тағы бар. Түймедей жақсылығын түйедей етіп көрсететіндер қайырымдылықтың әсте қалай жасалатынын көрсе деймін» – дейді журналист.

«Уақып» деп аталатын асхана Астананың Алматы ауданында ашылған. «Уақып» деген сөздің мағынасы – Алла разылығы үшін белгілі бір мүлікті қайырымдылық жолына арнау», – дейді автор. Яғни асханаға келіп, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, асыраушысынан айырылған адамдар тамақ іше алады. Бірақ ол үшін азамат міндетті түрде қайырымдылық қорларына тіркелуі керек.

«Асханаға тізімді қорлар өткізеді. Ғимарат үлкен. Бірінші қабаттан бөлек екінші қабатта да 100-ге жуық адам тамақтана алады. Жеті күнде жеті түрлі тамақ әзірлейді», – дейді журналист.