Талдықорған полиция басқармасының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады

inbusiness.kz

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Талдықорған қалалық полициясының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі ("Адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.

Облыстық полиция департаменті барлық мән-жайлар қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенетінін айтты.

"Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды", –делінген Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.