Динара Әлжан әлеуметтік желіде жазба жариялады
Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Динара Әлжан әлеуметтік желіде Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жаннатта болсын!» – деп жазды ол.
Еске салайық, 13 қарашада Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан қайтыс болды.