Қазақстан алғаш рет самбодан әлем чемпионатында ауыр салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды
Арайлым Әбенова самбодан әлем чемпионы атанды. Ереван қаласында өткен тартысты додада отандасымыз аса ауыр салмақта үздік шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол алдымен ширек финалда Филиппин өкілін, кейін жартылай финалда румыниялық балуанды 3:2 есебімен жеңді. Ал финалда 80 келіден жоғары салмақта ресейлік спортшы, Орынбор облысының өкілі Жанар Құсановадан 6:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Арайлым қазақ қыздары арасында алғаш рет аса ауыр салмақта үздік атанды.