Оның айтуынша, адамдар жиналып көшеге шыққан кезде бейбіт митинг туралы заңның барлық нормалары бұзылды
Мәжілістің жалпы отырысы бүгін бір минуттық үнсіздікпен басталды. Парламенттің төменгі палатасында депутаттардың сауалына Бас прокурор Берік Асылов жауап беріп жатыр, деп хабарлайды qaz365.kz
“Қасиетті Тәуелсіздігімізге орасан зор қатер төнді. Көптеген ірі қалалардың ғимараттары өртке оранып, астан-кестең болды. Басты құндылығымыз – адам өміріне қауіп төнді. Президентіміздің қабылдаған батыл шешімдерінің арқасында елге төнген қауіптің беті қайтты. Ол күндері барлық заңдылық бұзылды. Өкінішке қарай, қоғамда бейбіт митинг өткізу мәдениетін қалыптаспағанын мойындамуымыз керек. Адамдар жиналып көшеге шыққан кезде бейбіт митинг туралы заңның барлық нормалары бұзылды. Ұйымдастырушылар әкімдікті хабардар етпей, мыңдаған адамдар жинады. Алматыды бір сағаттың ішінде бір топтың ғана қатысушылары 5,5 мың адамға жетті. Ал Жамбылда 4 мың адамға жетті. Кейін тобыр әсері орын алды”, – деді