Актриса қайын інісінің келіншегімен өзі барып танысты
Белгілі әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас үйленгенде тойына Қайраттың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова қатысқан жоқ болатын. Осыдан кейін желіде «басқа әйелі бар», «ажырасып кеткен» деген пікірлер көбейген. Осыдан кейін актриса қайын інісінің келіншегімен өзі барып танысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол Заңғар және жұбайы Индирамен фильмнің көрсетілімінде жолыққан. Мұны Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі Instagram-дағы сторисіне бөлісті.
«Сұрап едіңіздер ғой, міне, жас жұбайларды құттықтауға келдім», – дейді актриса.
Бұған желі қолданушылары да үнсіз қалмады. Өз ойларын білдіріп жатты.
«Сырттан құттықтағаны қалай кетті?..», «Жұлдыздың іші алай-дүлей шығар...», «Келсе тағы жақпайды, келмесе тағы жақпайды», «Міндетсінудің қажеті жоқ», «Әйтеуір, сыншыл халықпыз ғой» деген пікірлер бар.
Одан кейін тағы бір видео шықты. Мұнда Жұлдыздың ата-енесінің үйіне келіп, ет табақ әкеле жатқанын көруге болады.