Депутатқа тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сұрақ қойылды
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері депутатқа «жігіттердің қызды ұрып-соғуына ата-анасының мінез-құлқы себеп бола ма» деген сұрақ қойды.
«Сіздерге не керек? Не естігіңіз келіп тұр? Қандай пікірде деп ойлайсыздар? Сіздер бұған қалай қарайсыздар? Енді мұндай сұрақтармен маған қайта жақындамаңыз. Бұл – ойға сыймайтын сұрақ», – деді Дәулет Тұрлыханов.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда адвокат Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновқа шабуыл жасалған болатын. Шабуыл жасаған адам депутат Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат екені кейін анықталды. Ол осы әрекеті үшін жазаға тартылып, 1,7 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.