Ұлытау облысында кейбір балабақшада тамақтану ақысы негізсіз көтерілген

Qaz365.kz редакциясы

Ұлытау облыстық прокуратурасы қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың құқығы қалпына келтірілгенін мәлімдеді

gov.kz

Ұлытау облысының прокуратурасы балабақшаларда тамаққа төленетін ақы негізсіз көтерілгенін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы Ұлытау облысының әкімдігі тарапынан Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа ауданындағы балабақшаларда жоғары төлемақы белгіленген. 

"Ата-ана төлемақысының мөлшерін (айына бір балаға тамақтану үшін) белгілеу кезінде әкімдік азық-түліктің бөлшек бағасын негізге алған, алайда азық-түліктің көтерме бағасы орта есеппен алғанда бұдан 10-20% арзан", – делінген прокуратураның мәлімдемесінде.

Ұлытау облыстық прокуратурасы қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың құқығы қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде ата-ана төлемақысының мөлшері 1 мың теңгеге төмендетілді (әкімдіктің қаулысына өзгеріс енгізілді).