Ағасының асына экс-Президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева да қатысқаны айтылып жатыр
Қазақстанның экс-Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 13 қарашада дүниеден озған туған інісі Болат Назарбаевтың аруағына бағыштап, Астанада ас берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бас мешіттегі жеті күндік асқа ұзақ жылдар билікте әртүрлі қызмет атқарған Ахметжан Есімов, Өмірзақ Шөкеев, Қырымбек Көшербаев, Ермұхамет Ертісбаев, Қайрат Мәми, Қайрат Қожамжаров пен Нұртай Әбіқаев, Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаев және тағы басқалар бар.
Ағасының асына экс-Президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева да қатысқаны айтылып жатыр. Бірақ әзірге фото-видео жоқ.
Сонымен қатар Сауытбек Абдрахманов, Мырзатай Жолдасбеков, Бүркіт Аяған секілді қоғам қайраткерлері де келген. Асты министр, депутат болған Дархан Мыңбай жүргізгені айтылуда.
Айта кетейік, Болат Назарбаев 13 қараша күні 71 жасқа қараған шағында созылмалы дерттен қайтыс болды.