Бишімбаев ісі: Ұсталған екінші адам экс-министрдің туысы болып шықты

Qaz365.kz редакциясы

Бұл жайлы прокурор елордалық бизнес өкілдерімен кездесудің кулуарында айтты

Астана прокуроры Ерлан Өтегенов Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша ұсталған екінші адам экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туысы екенін растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Іс тергеліп жатқанын білесіздер, барлық сараптама жүргізіліп жатыр. Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына 2 айға қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", – деді прокурор.

Журналист ұсталған екінші күдікті Бишімбаевтың інісі ме деп сұрады.

"Ол – "Гастро-орталықтың" директоры, олардың туыстық қатынасы бар", – деп жауап берді Өтегенов.

Айта кетейік, бұған дейін Астананың бас прокуроры Ерлан Өтегенов Салтанат Нүкенованы өлтірген күні "Гастро-орталықтағы" видеолардың өшірілгенін растады.