Енді студенттер военкоматқа бармайды – Бағдат Мусин

Qaz365.kz редакциясы

Студенттер әскерден автоматты түрде босатылады

Фото: ашық дереккөзден

Енді студенттер оқу орнынан анықтама жинап әуре болмайды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жылда 106 мың студент оқу орнынан, емханадан анықтама алып, военкоматқа тапсыруға 2 апта жұмсайтын.

Енді студент статусын дәлелдеудің қажеті жоқ. Үш министрліктің базаларын интеграциялап, студенттер анықтама жинамай-ақ автоматты түрде әскерден босатылады», – деді Мусин.

Сондай-ақ министр сұранысқа ие тағы бір қызмет жайлы айтты.

«Мысалы, зейнетақы тағайындау процесі өзгертіліп, келесі жылы мүлдем жаңа форматта жүргізілмек. Сонымен қатар жұмысқа тұру кезінде талап етілетін 12 түрлі анықтамаларды жою, интернетке қосылу, декларация тапсыру, балабақшаға кезекке тұру сияқты жобалар әзірленуде. Пилоттарды сапалы және уақытылы енгізуді мемлекеттік органдардан сұраймыз», – деді ол.