Олардың балалары да тойда көрінбеді
Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков кенже ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той өткізген еді. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына қонаққа келген Нұртас Айдарбеков тойдың қалай өткені туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сондай-ақ ол көпшілік арасында қызу талқыланған сұрақтарға жауап берді. Соның бірі оның үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың тойға неге келмегеніне қатысты болды.
Қайраттың әкесі бұл сұрақты келінінің өзіне қойған дұрыс деп қысқа қайырды.
«Бұл сұрақ орынсыздау. Біздің Жұлдыз да, Қайрат та 35-ке келді. Кәмелетке толған адамдар ғой. Сондықтан бұл сұрақты өздеріне қою керек. Ал менен немерелерімді, жан жарымды сұраңыздар, соларға қатысты жауап беремін», – деді Нұртас Айдарбеков.