Алматыда шетелден келген «түнгі көбелектер» ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Қонақүй кешенінің иесі жауапқа тартылды

Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 4 шетелдік әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында қаладағы қонақүйлердің бірінде интимдік қызмет көрсетумен айналысқан 11 әйел анықталды. Олардың төртеуі – Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары.

«Олар – 1997, 2000 және 2003 жылы туғандар. Құқық бұзушылар ҚР «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 29-бабы бойынша материал жинау үшін Алатау аудандық ПБ-ға жеткізілді. Содан кейін қабылдап-таратуға орналастырылды. Қонақүйде ұсталған 6 әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал қонақүй кешенінің иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Айта кетейік, 14 қарашадан бастап қалада шетел азаматтарының ҚР-да болу ережелерін бұзу деректерін анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын және шетелдіктерді заңсыз тартуды анықтау мақсатында іс-шара жұмыстары жүргізіліп жатыр.