Шавкат Рахмоновтың қарындасына депутат үйленуге ұсыныс жасады

Qaz365.kz редакциясы

Спортшы қыз әлеуметтік желіде өміріндегі маңызды сәттен үш бірдей жазба жариялады

Фото: instagram.com/rakhmonova____

UFC-дің орта салмақтағы бесінші нөмірлі спортшысы Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова тұрмысқа шығады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сораның таңдауы бразилиялық джиу-джитсудан бірнеше дүркін әлем чемпионы, қара белбеу иесі, Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа түскен.

Қуанышты жаңалықты Сора Рахмонованың өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

«Бақыттымын! Аллаға шүкір!», «23.11.2023» деп жазды ол.

БАҚ өкілдері спортшылардың тойы 10 желтоқсан күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтеді деп жазып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Сора Рахмонова Алматыда өткен Naiza 51 турнирінде жеңіске жеткен еді.