Шымкентте әйел адам 4 жасар баланы үшінші қабаттан лақтырып жіберген

Qaz365.kz редакциясы

Бала ауруханаға жеткізілді

Видеодан скриншот

Шымкентте әйел адам баланы үшінші қабаттан лақтырып жіберген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, түрлі дене жарақатын алған бала ауруханаға жеткізілді.

Көршілер мен куәгерлердің сөзінше, баланы туысы лақтырып жіберген. Кейбір мәліметтер бойынша, 40 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады.

Оқиға кешкі тоғыздар шамасында болған. Аталған жайттан кейін әйел психдиспансерге жеткізілген.