Бишімбаев ісі: марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Алматыда өткен митингіге келді

Qaz365.kz редакциясы

Алматыда “Жаңа Адамдар” қозғалысы ұйымдастырған бейбіт шеру өтіп жатыр

Ulysmedia.kz

Алматыдағы "Сары Арқа" кинотеатры артындағы саябақта “Жаңа Адамдар” қозғалысы ұйымдастырған "Жануарлар әлеміне жоқ деп айт!" ұранымен бейбіт шеру өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

Іс-шараның мақсаты – қазақстандық қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударту. Бейбіт жиын зорлық-зомбылықтан көз жұмғандарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.

Қозғалыс белсенділерінің хабарлауынша, қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы жиында сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін өлімші етіп сабап өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2 айға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.